Бисмиллаһир рахманир рахим

            بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын.

         Өздеріңізге белгілі, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен ихсан ілімін қолға алу туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастаманың негізі – әдептілік  иірімдері мен пенденің пәнсісін түрлі жамандықтан тиып, тура жүріуге үндейді.

         Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет мақаласында мына ғибратты сөзді келтірген болатын: «Кімнің бойын нәпсісі жаулап алса, құштар­лығы­ның құлына айналады. Құ­марлық қақпанына тап болып, нәпсісі ол адамның аяқ-қолын тұсаулап, қала­ған жағына сүйрейді. Мұндай адам­ның қалыбы құл­шылық пайда­сынан мақұрым қалады».

         Ихсан – мұ­сылманды әуелі әдеп­тілікке, мұнан соң кемелдікке, ке­мелдіктен әрі нағыз тақуалыққа қарай жетелейтін ұлы қадам болып саналады.

         Қасиетті Құран Кәрімнің «Шәмс» сүресінің 8-10 аяттарында: «Оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт. Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Ал кім оны кірлетсе, қор болды» делінген.

Нәпсіні тәрбиелеу жолдары:

  • Сабырлы болу;
  • Күнделікті іс-әрекеттеріңе есеп беру;
  • Қанағатшыл болу;
  • Күнделікті бес уақыт намазды үзбей оқу;
  • Дұға етіп, пайғамбарымызға салауат айтып жүру;
  • Тәубешіл болу;
  • Өтірік айтудан сақтану;
  • Риякершіліктен арылу;
  • Түрлі теріс әрекеттерден арылу;
  • Жақсы сөз айтуды дақтыға айнылдыру;
  • Орынсыз қалжың мен әзілден сақтану;
  • Үнемі Аллаға сыйынып, медет сұрап жүру;
  • Нәпіл амалдарды көп жасау;
  • Алла жолында садақа беруді және мұқтаждардың мұыңын бөлісуді әдетке айналдыру,
  • Әдепті һәм сыпай болу;
  • Сөйлегенде сөзді ой елегінен өткізіп барып айту;
  • Ашуға бой алдырмау;
  • Шариғат бұйырған амалды жасап, тиған нәрседен сақтану;
  • Харамнан сақтану;
  • Күнделікті дене шынықтыруға, спортқа мән беру т.б.

Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласының бас имам орынбасары

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38