Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығында Шымкент қаласына қарасты 105 мешіттің бас имамдары 2016 жылдың он айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға облыс имам орынбасары әрі Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы қатысып, бірқатар тапсырмалар берді.
Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдірахманов қала имамдарына ең алдымен имамдардың біліктілік деңгейін арттыру және барлық мешіттердегі діни суат ашу курстары мен уағыз-насихат жұмыстарын жан-жақты дамыту мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, әр жұмыс кезінде ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжат – тұғырнама негізінде жұмыс жасауды қадап айтты.
Дәл осы фарматта барлық қала, аудан деңгейіндегі ауылдық мешіт имамдарының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалуда.
Жалпы, Шымкент қаласындағы жыл бойы атқарған жұмыстарын саралай келе жоғары деңгейде өткізілгендігін атап өту керек.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38