Сарыағаш ауданының имамы Б.Қалдаров 2016 жылда атқарылған жұмыстардың есебін тыңдау үшін аудан имамдарын «Сарыағаш орталық» мешітіне жинады. Жиынға облыс имамы орынбасары Бақдәулет Абдрахманов қатысып имамдардың есебін тыңдады. Биылғы жылы Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің имамы А.Садықов, Жартытөбе ауыл округ имамы Т.Чарчанбеков, Жібек жолы ауыл округ имамы А.Дүйсебаев, Қапланбек ауыл округ имамы А. Мейірбеков жыл бойы атқарылған іс-шаралардың негізгі төрт бағыт бойынша жүргізілгендігін слайд бойынша жүйелі түрде баяндап берді. Онда жетістермен қатар кемшіліктер де шет қалдырмады. Бақдәулет қажы Абдрахманов имамдарға 4 бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін айтып, қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.Жергілікті «Сәт» телеарна тілшілеріне сұхбат берді. Имамдар биылғы жылғы олқылықтардың орнын толтырып, елді имамдылыққа шақыруға бағытталған жұмыстарды одан сайын жандандыра түсу керек деген игі тілекпен тарқасты.

Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38