Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадис: Расулалла (с.а.с.) бірде Алланың лағынеті болғыр Ібілістен: «Менің үмметімнен дос тұтқандарың қанша?» – деп сұрады.Сонда Ібіліс: «Олар он: қиянатшыл залым билеуші, тәкаппар пенде, малды қандай жолмен тапқаны мен қайда жұмсауына мән бермейтін бай, залым патшаның сөзін мақұлдаған ғалым, алаяқ саудагер, халықты өзіне кіріптар еткен саудагер, зина жасаушы, өсім жеуші, малын қалай жинағанын білмейтін сараң бай, арақ ішуші маскүнем». Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Ал үмметімнен кімдерді қас тұттың?» – деп сұрайды.Сонда ол: «Олар жиырма: ең біріншісі сенсің, ей Мұхаммед, мен сені жек көремін. Сосын біліміне амал етуші ғалым, Құранды жаттап, оған амал етуші, бес уақыт намазға азан айтушы, кедейлер мен міскіндерді, жетімдерді жақсы көретіндер, жүрегі мейірімді адамдар, ақиқат үшін кішілік көрсетушілер, Аллаға ғибадатпен өсіп келе жатқан жас, асын тек адалдан жеуші, Алла жолында бір-бірін жақсы көрушілер, намазын жамағатпен оқушылар, адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқушы, харамнан бойын аулақ ұстаушы, таза жүрекпен насихат айтушы, әрдайым дәретпен жүруші, сақи жомарт, көркем мінезділер, Алланың уәделерін растаушылар, жесірлерге қайыр істеушілер, өлімге дайындалушылар», – деп жауап береді.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38