Тақуалық сөзінің мағанасы «аз сөйлеу» , «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден», «зияанды нәрселерде аулақ болу» деген мағыналарды қамтиды.
Ал шариғат мағанасы бүкіл күнәлі істерден аулақ болу, Аллаға бойұсынып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау.
Бірде Убәй (р.а) Омар бин Хаттабтан (р.а) тақуалық жайында сұрағанда ол: Сен тікенегі бар жолмен жүрдің бе?
Иә, жүрдім
Сонда қалай жүрдің?
Балағымды қайырып аяғымды ақырындап басатынмын.
-Міне, тақуалық деген осы
Аллаға деген шынай тақуалық ол құмарлық. Намаз оқу құлшылық қылу арқылы пенде өзінің шынайы пенде ененін сезінеді.
Бұхар жырау бабамыз
Бесінші тілек тілеңіз
Бес уақытты бес намаз
Біреуін қаза  қалмасқа
-демекші, тақуа жан намазына аса мән береді.  Құлшылық пен тақуалық бір-біріне ажырамас екі ұғым. Себебі, Құран Кәрімнің көптеген аяттарында Алла Тағала кез келген құлшыдықты тақуалықпен байланымьырып отырады.
Тақуалық-жан баласына зиянын тигізбеу. Тіпті жан -жануарға қасастық жасаудан қорғау.
Сондай-ақ, олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз-өздеріне зұлымдық жасағандарында, бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды…».
«…Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады дейсің?!..» Әлбетте, кез-келген ізгі қасиеттерде ешбір мақұлық Раббысынан аса алмасы анық. Расында да, адамдардың күнәларын Алла Тағаладан басқа кім кешіре алады дейсіз?! Жүздеген, мыңдаған жақсылықтарыңызды көре тұра, бір қателігіңіз үшін құрдымға жіберіп, мойныңызды бұрап жұлып алуға құмбыл пенделер тақуа бола тұра сүрініп кеткен жеріңізді кеше ала ма? Жоқ, керісінше, «Адамдардың көзінше ғана тақуасынып жүрген бейшара, бетпердең осы жерден сыпырылды-ау…» деген сынды сөздермен ішіп-жеп, ақтап алудың жолын іздемейді. Ең өкініштісі, мұсылмандардың арасында мұндай кәпірлік сипат, мұнафықтық бейне әбден қалыптасып кеткендей. Бірін-бірі аңдып, «қай жерде сүрініп кетер екен», «қай жерден қатесін тауып алып, ел алдында масқаралап жіберсем екен» деген сынды ойларды іштеріне бүгіп, сәті келгенде байқатып қалатын әрі мешіттен қалмайтын мұсылман адамдар бар. Мешітте де тыныш жүрмей, шама-шарқы жеткенше құлшылығын қылып жүрген Құдайдың құлдарына бейнебір өзін бақылаушы, түзетуші сайлап алғандай, таңнан кешке дейін аңдиды да отырады. Мұндай кезде абайлаңыз, сүрініп кетпеңіз. Әсіресе, тақуалық атты әркімге бұйыра бермейтін тәлейді талап етіп жүрген жан болсаңыз, тым болмаса ондай адамдардың арасында өзіңіздің шалт басып, шалынып кеткен жерлерініңізді көрсетпеуге тырысыңыз.
Қорыта айтқанда, тақуа пенде мол сауапқа кенеледі, ол екі дүниеде де игілікке бөленеді, тақуа адамның дұғасы әрдайым қабыл болады, тақуалық – күнәлардың кешірілуіне себепші болады. Тақуа құл Хақ Тағаланың разылығы мен сүйіспеншілігіне лайық болады, жәннатты үйі ретінде иеленеді, тақуалық жүректі пәктеп, соның нәтижесінде бүкіл дене жаман қасиеттерден тазарады, Алланың қамқорлығына қол жеткізеді, тақуалық пендені лағнеті шайтаннан қорғайды, тақуа құл Хақ Тағаланың сүйікті құлына айналады. Осы айтылғандар қасиетті Құранда баяндалған. Алла Тағала баршамызды тақуа құлдарынан етіп, Өзінің рахметіне, сүйіспеншілігіне бөлегей! Әмин!

ҚМДБ Шымкент қаласы, орталық мешітінің найыб имамы, қари Сәрсенбаев Мейірбек

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38