Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Жастар» ісі секторы көптеген игі істерді қолға алып келеді.
Осы ретте, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» бағдарламасын насихаттау шарасын ұйымдастырды.
Танымдық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының қолуымен қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, Шымкент қалалық №1 мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінің жас мамандарымен кездесу өткізіп, ҚМДБ жаңа бастамасын кеңінен насихаттады.
Шара аясында Шымкент қалалық №1 мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Есқали Дүйсебаев мырза ҚМДб-ның жаңа танымдық бағдарламасына өз алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі