Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Хәкім Абай және Ихсан ілімі» атты танымдық діни семинар ұйымдастырылды.

Танымдық рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре,  қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы,  Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш,  Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров және Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан желеуов пен өзгеде қала имамдары қатысты.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының кіріспе сөз сөйлеп,   ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  бастамасымен қолға алынған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» бағдарламасын кеңінен насихаттау туралы атап өтті. Семинар барысында Қаратау аудандық «Байғғұт баба» мешітінің найб имамы Нұрсұлтан  Әбжәлел арнайы  «Абай және Ихсан ілімі» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, танымдық семинарға қатысушы имамдар тарапынан ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Танымдық рухани шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38