Жуырда, елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әдеп» кеңесі құрылған болатын.
Осы бастаманы қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстар орталығының» ғимаратында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кеңейтілген діни семинар ұйымдастырылды.
Игі шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Және Шымкент орталық мешіт жанынан құрылған «Әдеп» кеңесіне елге белгілі, көп жылдық тәжірибесі бар имамдар іріктеліп алынды.
Аталмыш кеңеске жетекшілігіне қала имамының кеңесшісі әрі «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имам Бекайдар қажы Әміре бектілсе, ал жауапты хатшысы етіп найб имам Мұхамеджан Естеміров бекітілді.
Шара барысында қаладағы мешіт имамдарына діни рәсімдерді атқару барысында әдеп пен тәртіптерді орындау туралы түсіндіріліп, ҚМДБ тарапынан бекітілген «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты құжат таныстырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі