Шымкент қалалық орталық мешітінің ұйытқы болуымен қала бойынша онлайн діни сауат ашу курстары ұйымдастырылды.

Жылдың қорытынды шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Торлан» мешітінің имамы Ғалымжан Назаров т.б. азаматтар қатысты.

Шара аясында Шымкент қаласының бас имамы «Торлан» мешітіндегі онлайн дәрісте бір айда Құран Кәрімнің екі парасын (29-30) жаттаған Ернұр Дәулетұлын және оның ұстазы, «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірті, қари Дархан Мұхамеджанұлын арнайы алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 45 мешітте елдегі карантин талаптарға сәйкес діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, онда 1450 шәкірт онлайн дәріс алып жатыр.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38