Бүгін, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Өмір мен денсаулық адамның ең қымбат байлығы» аттыонлайн семинары өтті.
Онлайн семинар жұмысына Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің имамы Бердалы қажы Жәміш арнайы қатысып, баяндама жасады.
Сондай-ақ, онлайн семинар барысында санитарлық талаптарды сақтау, денсаулық мәселелері мен отбасы құру, отбасындағы ұрыс-керістердің зорлық-зомбылық салдары т.б тақырытары кеңінен талқыланып, түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі