Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза», – делінген. «Шардара» аудандық орталық мешіті, «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешіті, «Аль – Фаттаһ» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен Шардара қаласы «Анар» мейрамханасында Мұхаррам айының «Ашура» кешіне ауызашар өтті. Рухани кешке аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев, қажылар, ақсақалдар, ақжаулықты аналар және ел ағаларымен БАҚ – өкілдері қатысты. Аудан имамы А. Данияров барша жиналған жамағатты қасиетті Мухаррам айымен құттықтап, бүгінгі «Ашура» кешіне ұйымдастырылған ауызашардың сауабына қысқаша тоқталды. Аудан әкімі жамағатты қасиетті Мухаррам айының рухани ашура мерекесімен құттықтап, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 25 жыл толғалы отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп – көркеюі жолында аянбай етіп жүрген өздеріңізді ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін. Елбасымыздың сындарлы салиқалы саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік деп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға біршама тоқталып өтті. Сөз кезегінде имам Матуриди мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан Мухаррам бұл айдың ең қадірлі түні ол – Ашура түні. Алла Тағала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Ыдрыстың тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың ұлы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әюубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі осы Ашура күні болғанын мәнерлі уағызбенен жамағатқа жеткізді. Дастархан басында ақсақалдар жақсы ниет тілектерін айтып соңында Шәкір, Нұрмахан қариялар бата жасап, имам «Матуриди» мешітінің найб имамы М. Кузенбаев қасиетті Құран оқып, Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы Д. Узденбаев бата жасады.
«Шардара» аудандық мешітінің баспасөз қызметі.