Шымкент қаласында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және «Зекет» қорының бастамасымен қолға алынған «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, қажетті көмектер беру, үйлеріне қуаныш сыйлау көзделген.
Жалпы, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шарада 30 мұқтаж отбасыға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов бастаған ерікті топ мүшелері азық-түлік салынған себетті (ұн, май, шәй, қант, күріш, сабын т,б, заттар) үйлеріне жеткізіп, қуанышқа бөледі. Және игі бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы екенін айтып, сәлемін жеткізді.
Бұл иігілікті шараның шарапатын сезінген олар да игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі