2016 жылғы 09 қыркүйек күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Дін және қоғам» тақырыбында семинар – кеңес өткізілді. Қала, ауыл әкімдері, дін саласына жауапты мамандар, ақпараттық түсіндіру топ жетекшілері, білім беру мекемелеріндегі ақпараттық орталықтың жетекшілері, мекеме басшылары, имамдардың қатысуымен өткізілген семинар-кеңесте Әбу Мансур әл – Матуриди мешітінің имамы Н. Шәдекұлы және осы мешіт ұстазы Е. Өмірбек Ханафи мазһабының маңызы, Матруди ақидасы және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы түсініктер беріп, семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берді. Семинар – кеңесті қорытындылай келе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Шомпиев ақпараттық түсіндіру топтары тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айта келе, бұл бағыттағы атқарылар жұмыстар жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.