2016 жылдың 6 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған аудандық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектеп пен Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен «Қоғамдағы кереғар діни ағымдар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан имамы А. Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек бүгінгі таңда дін саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңалықтар және дәстүрлі емес діни ағымдардың іс – әрекеттері, дәстүрлі Ислам дінінің ұлтымыздың салт – дәстүрімен сабақтастығы жайлы айтып өтті. Н. Үсіпбек және А. Данияров бүгінгі таңда діни мәселелері бойынша орын алып жатқан жағдайларға бейжай қарап отыруға болмайтындығын, олардың алдын алу үшін жас ұрпаққа салт – дәстүр, тарих, әдеп – ғұрыппен қоса діни дұрыс түсінік, тәрбие беру керек екенін атап өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.