Бүгін, Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Өздеріңізге белгілі,  Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты мешіт қызметкерлер мен мешітке келуші азаматтардың дене қызыуын өлшейтін Тепловизор аппаратын Шымкент қаласындағы 60  мешітке үлестірілді.

Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, қатысты. Сондай-ақ  қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Абай аудандық мешіттің  бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің  бас имамы Еркебұлан Қарақұлов,  Қаратау аудандық мешіттің  бас имамы Дастан Желеуов, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре қатысты.

Негізгі мақсат –  мешіт имамдары мен мешітке келуші жамағаттың қауіпсіздігі үшін, жұқпалы індеттің алдын алу болып саналады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38