Бүгін, Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан»  мешіті Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай (Ибрахим)  ақынмен аттас жандар» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Мерейтолық шара аясында 9 үміткер қатысып, оларға діни һәм Абай ақынның шығармашығынан бірер сұрақтар қойылды. Нәтижесінде барлық талаптарды орындаған Ибрахим Абайұлы бірінші орын иегері атанды. Сондай-ақ, тұңғыш ұйымдастырылған шараға қатысушыларға заттар және мешіт атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Игі шара аясында  Шымкент қаласы,  Абай ауданы  «Торлан»  мешітінің бас имамы Ғалымжан қажы Назаров бүлдіршіндерді құтықтап, Абай атамыздың қалдырмен мұраларын жаттап, түсініп, өмірде амал етуге шақырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38