Барша мадақ пен мақтаулар бүкіл әлемдердің раббысы Аллаға , адамзаттың асылы Алланың сүйікті құлы , әрі елшісі Мұхаммед (с.а.у) Алланың игілігі мен сәлемі болсын !
Алла тағала Құранда:
Бисмиллаахир рахмаанир рахиим
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ
«Ей иман келтіргендер, көп күмәнді (жаман ойдан) сақтаныңдар.Өйткені кейбір күмәнді ойлар күнә.» – деп бұйырған.(Хұжұрат сүресі 12 аят)
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Жаман ойдан сақтаныңдар. Өйткені ой сөз дердің ішіндегі ең жаманы.Басқалардың сөздерін тыңдамаңдар, кемшіліктерін іздемеңдер. Бір-бірлеріңе өркөкіректік көрсетпеңдер, кек сақтамаңдар» – деген. Басқа бір хадис шаріпінде «Сахабаларымнан ешбіреуі маған бірде – бір адамның айыбын жеткізуші болмасын.Мен сендердің алдарыңа сау жүрекпен шыққанды қалаймын». (Әбу Дәуіт, әдеп)
Абдулла ибн амр (р.а) Әзіреті пайғамбарымыздың тәуәп етіп жатып Қағбаға қарап былай деп үн қатқанын жеткізеді: «Сен неткен пәк едің, исің де керемет! Сен қандай ұлысың, құрметің де қандай биік.Мұхаммедтің жаны қолында болған Ұлы Аллаға ант етейін !Мүміннің Алланың алдындағы қадірі сенің қадіріңнен де артығырақ, мүміннің малы мен жанының құрметі де дәл солай. Біз мұсылмандар жайлы тек қана жақсы нәрсені ғана ойлаймыз».(Ибн Мәжә)
Осы орайда Ұлы Имамымыз заманының шоқтығы биік Әбу Ханифа (р.а)
Бірде өзінің шәкірттерімен бірге отырған уақытында бір кісі сырттан келіп мен өз құлағыммен мынандай жаман сөздерді естідім. Соған сіздер не үкім айтасыздар?
1.Мен жүніптіктен кейін ғұсыл алмаймын.
2.Харам өлексенің еті болса да жеймін.
3.Ақиқатты жек көремін
4.Керек болса адам өлтіремін
5.Көрмеген нәрсеме куәлік беремін- деп айтты.
Осы сөздерді естігеннен кейін Әбу Ханифа шәкірттеріне қарап
– Уа,достарым, осы мәселеге не дейсіңдер? – деді. Сонда шәкірттер бір ауыздан ол адамның әйелі үш талақ , өзі діннен шықты – деп пәтуа берді. Ұлы имамы мыз
– Уа, доста рым , бір адамды көрмей, білмей тұрып жаман ойда болудан сақ болыңдар! Ол кісінің жүніптіктен кейін ғұсыл алмаймын-дегені Шариғатымызда күн суық болып ғұсыл алуға мүмкіндік болмаған жағдайда таямум алуға рұқсат береді.
2. Харам өлексенің еті болса да жеймін- дегені адам аштан өлмеу үшін жолда жатқан өлексенің етін тойып жемеу шартымен рұқсат берген.
3.Ақиқатты жек көремін – дегені өлімді жек көремін дегені, өлім ақиқат! Бүгін
болмаса ертең келеді.Әрбір жан өлімнің дәмін татушы.Өлімді бәрі бірдей
жақсы көре бермейді.
4.Керек болса адам өлтіремін – десе Ел басына күн туған жағдайда Отанын
отбасын қорғау үшін майданда дұшпанды өлтіремін – дегені.
5.Көрмеген нәрсеме куәлік беремін – дегені Аллаға , періштелерге, пайғамбарлар
ға, Қиямет пен қабірдегі сұрақ – жауапқа , көрмеген ғайып нәрсеге иман
келтіремін . Дініміз ғайыпқа иман келтіруден тұрады емес пе? – деп шәкірт
тері не түсіндіріп берді.
Алдыңғы буын ізгілеріміз екінші бір мұсылман бауырын әрдайым ақтауға тырысқан. Адамдардың біразы өміріңді сенен бірнəрсе үйрену үшін бақылай тын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен қарайды.
Біздің Шәкәрім атамыз осы жоғарыдағы аталған тақырыпты халқымызға қарапайым тілде былай жеткізген :
Біреудің мінін тергенше,
Жамандығын көргенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгеніңше.
Сондықтан әрбір мұсылман екінші бір адам жайында тек жақсы ойда болуы керек- деп ойлаймын. Алла тағала елімізге тыныштық , халқымызға амандық, имандылық берсін.
Болатов Айдос Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Жәліқұл ата» мешітінің имамы