Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған жұмысшы топ Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

         Іс сапар аясында Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан  шағын намазханалар мен мешіттердің жұмысы, мешіт құжаттары т.б. мәселелер туралы қысшақа есебін берді.

         Мұнымен қатар, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ауданға қатысты бірқатар қордаланған мәселелерге тоқталып, жуық арада шешімін табу қажеттілігін тапсырды.

         Сондай-ақ, кездесу барысында «Ибраһим ата» және «Қарашаш ана» кесенелеріне зиярат етіп, Құран тіләует етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38