Бүгін қасиетті жұма күні Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторы «Тазалық -иманнан» атты тазалық шарасын ұйымдастырды.
Тазалық шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және Шымкент қалалық Жастар басқармасы жанындағы еріктілер тобы орталық мешітте тазалық шарасын өткізді.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы барлық ерікті топ мүшелеріне ризалық білдіріп, алғыс айтты.
Айта кету керек, Игі бастама қаладағы барлық мешіттерде төтенше жағдай талаптарына сәйкес өткізіліп, тазалық шаралары жүргізіліп, мешіттердің іші-сыртын дезинфекциялып залалсыздандырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі