Шымкент. 7 наурыз. SHARIGAT.Kz – «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты қайырымдылық шарасы басталды

Бүгін ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасы аясында  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі  «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты қайырымдылық апталық, маусымдық шарасын ұйымдастыруда.

Шара аясында Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың  тікелей назарында болып, қайырлі іс бастама қолға алынды. Соның бір көрінісі, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың ұйымдастырумен Ордабасы алаңында орналасқан «Абдулхамид Қаттани» мешітінің ауласына ағаш, гүл көшеттері отырғызып абаттандыру жұмыстары басталды. Шара аясында 60 дана (шырша, емен, шынар) ағашы және 3 мың дана (раушан, қызғалтақ) гүл көшеттері отырғызылды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38