Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін насихаттауға бағытталған «Ясауитану» рухани зерттеу орталығы қайта жаңа атаумен ашылды.
«Негізгі мақсаты — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын алдымен ел ішінде насихаттау туралы бастамасы аясында қолға алынды. Аталмыш рухани-зерттеу орталығы тарапынан мешітке келуші азаматтарға Ясауидің еңбектері мен асыл мұраларын насихаттауға бағыт алған. Мұнымен қатар, кітапшалар шығару, түрлі деңгейдегі кездесулер мен басқосу ұйымдастыру т.б.», -деді Мұхамеджан Естеміров.
Айта кету керек, аталмыш орталық тарапынан халықаралық және республикалық деңгейде конференция ұйымдастырылып, «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері», «Қожа Ахмет Ясауи һәм Ихсан ілімі», атты бірнеше кітап жарыққа шықты. Сонымен қатар, орталық жанында шағын кітапхана жұмыс жасайды.Рухани орталық жұмысына сәттілік тілейміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38