«Сейітжан қари» мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсының шілде айындағы легі өз мәресіне жетіп, 500-ден астам шәкіртке арналған салтанатты қоштасу кеші өтті.

Іс-шара барысында қасиетті Құран әліппесін меңгеріп, діни білім жолындағы алғашқы қадамдарын жасаған шәкірттерге арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – олардың жазғы демалысты пайдалы өткізіп, имани тәлім мен ізгі тәрбиені қатар игергендерінің айқын көрінісі.

Кеш барысында шәкірттердің рухани кемелденуіне үлес қосқан ұстаздарға, сондай-ақ балаларын ізгілік пен білім жолына бағыттап, қолдау білдірген ата-аналарға шынайы алғыс сөздері айтылды.

Жиын соңында барша шәкірттерге алған білімдерін өмірлерінде кәдеге жаратып, көркем мінезді, иманды, елінің игілігіне қызмет ететін саналы азамат болып өсуіне ақжарма тілектер білдірілді. Осындай тағылымды басқосулардың жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық және діни құндылықтарды бойына сіңіруде маңызы зор екені ерекше аталып өтті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38