Шымкент. 8 наурыз. SHARIGAT.KZ – ҚМДБ-на қарасты Шымкент қаласы «Ықылас» қарилар дайындау орталығында оқып жатқан қос ару қызымыз Құран Кәрімды толық жаттап қари атанды.
Дәлірек айтқанда, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттері Мариям Бурханова мен Озада Абдухаликовалар топтан оза шығып, аз уақыттың ішінде Құранды жаттап қари мәртебесіне ие болды. Алла Тағала разы болсын!
Елімізде ару қыздарымыздың Құран жаттап, ибалы, инабатты қари қыздардың көбеюі еліміз үшін де дініміз үшін де үлкен жетістік деп санаймыз.
Ынтымағымыз жарасқан, ер азамат текті һәм намысты, қыздарымыз арлы, ибалы, иманды болған Қазақ елімізде осындай қари қыздарымыздың саны көбейе берсін дегіміз келеді.
Осы орайда, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздар қауымына алғыс білдеріміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойыншаөкілдігінің баспасөз қызметі