Шымкент қаласы Абай ауданы «Торлан» мешітінің діни сауат ашу курсында күнделікті 20-50 бала діни сауат ашу бойынша дәріс алуда. Атап айтқанда құран әліпбесі, құранды мәнерлеп оқу, пайғамбар тарихы т.б. Балалардың дәріс алу, діни сауат ашу көрсеткіші жаз айларында150-200 дейін жетеді.

Діни сауат ашу курстары күнделікті оқушылардың сабағына кедергі болмастан жүргізілуде. Балалардың ата-наларымен де байланыс орнатылған. Әр ата-ана өз баласының не оқып, не үйреніп жатқандығын жіті бақылай алады. Сондай-ақ ата-аналар да діни сауаттарын көтеру бойынша да дәрістер ала алады.
Сабақ беретін ұстаздар «Торлан» мешітінің бас имамы Назаров Галымжан мен ДСАК тұрақты ұстазы Алдабергенов Жандос.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38