Сүндетке отыру – белгілі сүннеттердің бірі. Қазіргі кезде мұны білмейтін мұсылман жоқ деуге де болады. Ол былай тұрсын, мұсылмандықта сүндетке отырғызудың бар екенін білмейтін кәпір де жоқ деп сеніммен айта аламыз.
Сүндетке отыру Исламның шиарынан (белгісінен) болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет» (Табарани).
«Фытри (адамилықты көрсететін) сүннеттер бесеу: Сүндетке отыру, шапты тазалау, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту» (Бұхари).
«Ибрахим алейһиссалам 80 жасында (сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) балтамен өзін сүндеттеді» (Бұхари).
«Сүндетсіз адам 80 жасында болса да, мұсылман болған кезде сүндетке отырғызылады» (Бәйһақи)
«Расулуллаһ мұсылман болған еркекке 80 жасында болса да сүндетке отыруын әмір ететін еді» (Табарани)
Сүннет екіге бөлінеді: Сүннәти зәуәид және сүннәти хүда.
Сүннәти зәуәид – Расулуллаһтың киіну, ішіп-жеу, отыру, жату және жүріс-тұрысындағы әдеттері осы сүннетке жатады.
Сүннәти хүда – азан, қамат айту, жамағатпен намаз оқу сияқтылар. Бұлар Ислам дінінің шиары (белгісі) болып табылады. Балалардың сүндетке отыруын да осы сүннетке жатқызған. Бұл сүннетке арабшада «хытан» делінеді. Сүндетке отыру (хытан) Исламның шиары ретінде қабылданғандықтан, ақылы кірген, балиғатқа толғандарды сүндетке отырғызу керек. Иманға келген кәрі адамның сүндетке отыруы шарт емес. Мүлдем сүндетке отырмаса да болады деген мүжтәһид ғалымдар болған. Өйткені сүннетті орындау әурет жердің көрінуі үшін үзір бола алмайды.
«Мұсылман болған кәрі еркек және науқастар сүндеттің ауруына шыдай алмаса, сүндетке отырмайды» (Хадиқа).
Баланы сүндетке отырғызудың белгілі бір жасы жоқ. Бірақ ең жақсысы – жеті мен он екі жас арасында болғаны.
Медицина ғылымында дәлелденгендей, сүндетке отырмағандарда әртүрлі аурулардың пайда болатындығы көптеп байқалады. Француз кітаптары бұл ауруларды Affection du Prepuce атымен басып жариялаған. Ал бұлардың бірнешесі өте қауіпті. Осы себеппен Еуропа мен Америкада көптеген христиандардың денсаулықты көздеп, өздерін және балаларын сүндетке отырғызып жатқандықтары жөнінде деректер бар. Доктор Дубайс Рэймондтың «Сүндетті вакцина сияқты бүкіл еркектерге мәжбүрлеу керек», – сөзі де осыны айғақтауда.
Сүндеттің тарихы өте ескі. Өйткені ол пайғамбарлардың әдеті еді. Пайғамбарымыз сүндетке отыруды адамилық міндеттерінен саналатын бес нәрсенің бірі ретінде білдірген.
Сүндет (араб.: ختان — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады.
Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Ол әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде кеңінен айтылған.
Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Сауд Араб елінде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“таїар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді.
Египетте ұл баланы 5 – 6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызылатын адам ерекше құрметтеледі.
Қазақ халқында сүндеттеуді бұрынырақта қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады.
Сүндеттің тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 ж.ж. ежелгі Мысыр елінде кеңінен қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан.
Сүндеттеу тәсілдері. Мыңдаған жылдардан бергі құрал-саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:
Еркін әдіс (ағылш. free hand); хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Мұны «классикалық әдіс» деп те атауға болады.
Дәстүрлі әдіс; дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.
Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған «Gomco Clamp» пен «PlastiBell» (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды. Алайда, балаға бір апта көлемінде тағылып, ұшын байлап, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін бұл қыстырма құралдар аса тиімді деп есептелмеуде. Бұдан бөлек, электр құралын пайдалану арқылы косметикалық әсермен қанатпай жасалатын басқа да сүндеттеу тәсілдері баршылық.
Жақтау мен сынау. Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. Сүндеттеуге Викторияндық кезеңде көңіл бөле бастаған ағылшын тілді бұл елдерде 20 ғ. алғашқы жартысында сүндетке отырғызу жақтаушылармен қатар Дэвид Голлахер секілді оған қарсы шығушылар да бар. Қарсы шығушылар пікірлері бойынша:
сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған.
АҚШ-тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата-аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу отырғызбау мәселесін ата-аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті.
2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.
Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелереін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екенін жариялады.
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынадай пайдалары бар екенін дәлелдеді:
Сүндеттелмегендерге қарағанда сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары;
Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі он немесе отыз пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрт те бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда 6 пайыздан аспаған. Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүріледі екен.
Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;
Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды.
Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.
Бүгiнде әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Англия секiлдi бiрқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу қалыпты үрдiске айналған. Десек те, кейбiр мамандар: «Сүндет – мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән дiни мiндет, өзге дiн өкiлдерiне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгiнгiдей гигиенаны сақтау мүмкiндiктерi жоғары кезде оның қажетi жоқ. Ол құмарлықты тежейдi», – деген пiкiрлердi алға тартады. Бiрақ АҚШ-тың педиатрлық академиясының ғалымдары 1999 жылы сүндеттiң медициналық тұрғыдан пайдалы екенiн жариялады. Сонымен бiрге, сүндеттеудiң несеп қуық жолдарын сирек кездесетiн қатерлi, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтынын мәлiмдедi. Шынында, бiз сөйлескен хирург Серiк Жолдасов сүндеттеудiң адам денсаулығына үлкен пайдасы бар екенiн мойындай отырып: «Баланы сүндетке отырғызу өте оңай, ал микробтардан сақтап қалу қиын. Сондықтан дәрiгер ретiнде баланы хирургиялық жолмен сүндеттеудi дұрыс дер едiм. Хирургиялық жолмен сүндеттеу баланың денсаулығына да пайдалы» дегендi айтады.
Дегенмен ел iшiнде баланы сүндеттеумен бұрыннан айналысып келе жатқан қолы жеңiл молда адамдар бар екенiн бәрiмiз бiлемiз. Баласын сүндетке отырғызған ата-аналар дәрiгердiң бұл iстi тым ұзаққа созып, жас баланың жанын әбден қинайтынын айтады. Ал молдалар дәрiгерге қарағанда әлдеқайда ширақ, әрi тез қимылдайды. Содан ба, молданың «қолынан» шыққан бала арада екi-үш сағат өткен соң-ақ шауып-шапқылап кетедi. Әйтсе де «қолы жеңiл екен» деп тазалық мәселесiн еш естен шығармау қажет. Сондықтан баланы кiм сүндеттесе де, мейлi ол дәрiгер немесе молда болсын, ең бастысы – өз iсiн бiлетiн, ұқыпты, тәжiрибелi маман болуы керек.
Сөз соңында бір кеңес. Балаңыз әлі сүндеттелмеген болса, үш жасқа жетер-жетпес кезінде отырғызғаныңыз жөн. Себебі ол одан әрі есейіп кетсе, бой бермей, есіңізден тандыруы мүмкін. Сондықтан, өзіңіз ерте қозғалғаныңыз өзіңізге жақсы!
СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ер баланы сүндетке отырғызу – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Бұл жөнінде хадисте Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды, – деген (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони). Әбу Һұрайра (р.а.) жеткізген хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ алуды атаған.
Дініне бекем қазақ халқы ұлын 3 не 5 жасында сүндеттеп, мүмкіндігінше ағайын-туысын шақырып, дастархан жайған. Ал жағдайы бар бақуаттылары ұлан-асыр той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған. Демек, алаш жұрты Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне амал етті деп айтуға толық негіз бар.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген осы бір игі дәстүрін бүгінгі дамыған медицина да қуаттап, пайдалы екенін алға тартуда. Ал, сүндеттелмеген балалардың жыныс мүшесінің де басында инфекцияның пайда болу қаупі жоғары екенін ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Осы тақырып жөнінде тек АҚШ-та ғана жиырмадан астам ғылыми деректер жарық көрген. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі ер адамдардың алтыдан бір бөлігі сүндетке отыратын көрінеді. Соңғы статистика мәліметтері бойынша, әсіресе, Солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания секілді бірқатар христиандарында мемлекеттерінде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. АҚШ-тың акушер және гинекология академиясы да педиатрлық академия мен медициналық қауымдастығының мәлімдемелерін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екенін жариялады.
Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?
Жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынадай нақты пайдасы барын дәлелдеді:
• Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
• Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары.
• Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары;
Ғалымдар «қара» құрлықтан кейбір нақты мысалдар келтіреді. Мәселен, Кения мен Замбияда ұл балалардың 10-30 пайызы ғана сүндетке отырғызылады. Ал ВИЧ инфекцияларын тасымалдаушылар саны олардың халқының төрттен бірін құрайды. Ал сол Африканың әр баланы сүндетке отырғызатын Камерун, Бенин сияқты өзге елдердегі АҚТҚ (ВИЧ) ауруының таралуы алты пайыздан артпайды.
Өткен ғасырдың басында Еуропа елдерi санасында баланы сүндеттеуге қатысты төмендегiдей түсiнiк қалыптасты: «Бұл – мұсылмандар мен иаһудилерге ғана тән дiни мiндет. Оның өзге дiн өкiлдерiне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда ғана қолданылған. Бүгiнгiдей гигиенаны сақтау мүмкiндiктерi жоғары кезде оның қажетi жоқ. Ол құмарлықты тежейдi. Балаға ауыр тиедi». Мұны «айғайлап» айтқандардың қатарында, әрине, АҚШ- та болды. Сөйткен Америка кiшi Буш билiк құрып тұрған кезде сүндеттеудiң СПИД, ВИЧ секiлдi қатерлi кеселдердiң алдын алу үшiн маңызы зор екендiгiн мойындады. Мойындау емей немене, Африка елдерiнде өршiп тұрған дерттiң алдын алу үшiн ондағы ер адамдарды сүндеттеуге өз қоржындарынан 15 млрд. доллар бөлсе. Мiне, парадокс! Буш былай тұрсын, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өзi бұл рәсiмнiң адам денсаулығы үшiн жан-жақты маңызға ие екендiгiне келісті. Африкада жүргiзiлген зерттеу жұмыстары сүндетке отырғызу арқылы қатерлi дерттiң 60 пайызға азайғанын көрсеттi. Бұл туралы ұйымның маманы Тегест Герман 2007 жылы Женевада жасаған баяндамасында атап көрсетті.
Аустриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «ЖҚТБ-ға (СПИД) шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені ЖҚТБ вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұшын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүретін көрінеді.
Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін айтып, дабыл қағуда. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, іріңді микроб, жыныстық жіңішке ауруының микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса қажет. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл атқарады. Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.
Сүндетке отырғызу Исламға тән үрдіс-амал. Хадисте: «Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет» (Табарони) делінген. Ал Бұхариден келген хадисте хазреті Ибраһим (а.с.) пайғамбардың 80 жасында сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) өзін балтамен сүндеттегені айтылады. Сондықтан сүндеттелмеген бауырларымыз қанша жасқа келсе де қысылып-қымтырылмай бұл шаруаны ертерек іске асырғаны жақсы. Өйткені, бұл денсаулық үшін пайдалы.
P.S. Бір діндар бауырымыз негізінен қандастарымыз тұратын ауданда бірнеше жыл бас имам болып қызмет атқарады. Сонда жергілікті ер кісілердің көбісінің сүндеттелменін олардың өзара әңгімелесіп отырғанынан байқап қалғанын айтқан-ды. Бұл қазағы қалың аудандағы жағдай. Ал, басқа аймақтарда ше? Ондай мұсылман бауырларымызға Ибраһим (а.с.) Пайғамбардың жолын үлгі ретінде ұсынғымыз келеді.
Сүндет – мұсылмандық міндет
Ақын Абайды кішкене кезінде сүндетке отырғызғанда ауырсынып жылап жатып: «Құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың»,– депті. Сонда шешесі: «Ақылсыз балам-ау, қыз болсаң, бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, «Ойбай, онысы тағы бар ма еді» деп жылауын тыя қойып, шыдай беріпті.
Иә, ер баланың алғашқы үлкен сынақтан өтетін кезі осы сүндеттеу уақыты. Қашанда үлкен кісілер сүндетке отырғызудан бұрын «Сен енді үлкен жігіт болдың, елің мен жеріңді қорғайтын азаматсың», – деп ұл баланы батырлыққа баулып, жігерлендіре түседі, сүндеттеуге дайындайды. Оған дайын болған бала сүндеттеудегі азды-көпті ауырлықтарға шыдас береді.
Сүндетке отырғызу – мұсылмандық борыш саналады. Ислам дінінде бұл үлкен мәнге ие. Өйткені, ол үмбеті ретінде пайғамбарымыздың ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Хадисте былай делінген: «Сүндетке отырғызу – ұстара қолдану, сақал-мұртты алу, тырнақ алу және қолтық пен ұятты жерлерді түктен таза ұстау». Ал пайғамбарымыз Алланың құдіретімен өмірге сүндеттеліп келген.
Бүгінде әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу қалыпты үрдіске айналған. АҚШ-тың педиатрлық академиясының ғалымдары 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыда пайдалы екенін жариялады. Сонымен бірге сүндеттеудің несеп-қуық жолдарын сирек кездесетін жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.
Сүндеттеу мұсылман халқынан өзге Орталық Американың үндістерінде, африкалық тайпаларда, британдық ханзада отбасыларында кездеседі екен. Оның тарихына қарасақ, біздің заманымыздан 2000-2500 жыл бұрын Мысыр елінде қолданылғанын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі бейнеленген папирус суреттері Каир мұражайында сақталған. Бұрындары еврейлер таңғы құлшылықтарын жасағаннан кейін синагогта сүндеттеу рәсіміне кірісетін болған. Бұл күн оларда ерекше қуанышты синагог мерекесіне баланған. Кейін бұл дәстүр өзгеріп, жеке үйлерде сүндеттелген.
Ал медицина ғылымында мұны «циркумцизия» деп аталады, яғни дөңгелете кесу дегенді білдіреді. Шіліңгір шілде аяқталысымен тамыз, қыркүйек айларында шұбатылған ұзын көйлекті киіп алып зыр жүгірген балаларды жиі көресің.
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары да сүндеттеудің пайдасы молын анықтады. Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке анағұрлым аз шалдығады. Тіпті, ері сүндеттелмеген әйелдердің жатыр мойнының қатерлі ісігіне шалдығу қаупі алты есе жоғары екен. Сондай-ақ, зерттеуші ғалымдар СПИД-ке шалдыққан кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер екенін дәлелдеген. Демек, тек исі мұсылман емес, өзге халықтар да сүндеттеудің сырын ұғынған секілді.
Рахматулла Жумадиллаев,
Сайрам аудандық “Ынтық Иманәлиев”
мешітінің бас имамы