Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда «Алғыс айту» күні болып бекітілген болатын.
Осы игілікті бастама аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық, «Абдулхамид Қаттани» мешітінде «Алғыс айту-ізгіліктің айнасы» атты бірлік пен татулыққа бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Шара аясында мешітке келіп ДСАК дәріс алып жүрген өзбек, татар, қырғыз ұлтының өкілі болып саналатын қажы апаларымыз қазақ еліне және мешіт ұжымына алғыс айтып мешіттің бас имамы Бақдаулет Абдрахмановқа сыйлық табыстады. Сондай-ақ, Елбасымыздың жарлығын негізге ала отырып ҚМДБ-ның оны ішінде мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірп, алғыс айтты.
«Мешіт жамағаты өзгеге үлгі болып, жамағат бір-біріне алғыс айтудың, өзге адамдарға сыпайылық танытудың, ең алдымен Аллаға шүкіршілік айтудың маңызды амал болып саналады», -деді бас имам Б.Нұрматұлы.
Мұнымен қатар, мешіт тарапынан келген қонақтарға «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» атты кітап сый етіліп, бата жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі