Бүгін  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде жұма намазында Исламдағы аманат ұғымы тақырыбын негізне алып  «Алимент төле, әкетай!» атты уағыз жүргізілді.

Кезекті жұма уағызын жүргізген Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев жұма намазына жиналған жамағатқа алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер әкелерге туған баласына қамқорлық таныту қажет екендігін және балаларымызға дұрыс тәлім-тәрбие беруде осалдық танытпауды қадап айтты.

«Діни тұрғыда да әке – өз балалары үшін ақыретте Алланың алдында есеп бермек. Сонда қазір алимент төлемей қашып жүрген әкелер бұл дүниеде заң алдында, ал ақыретте Алланың алдында жауапты болмақ. Әрбір ата-анаға балалары аманат болып саналады», – деді өкіл имам Б.Қыдырбайұлы.

Айта кету керек, Шымкент қалалық прокуратурасымен бірлескен жұмыстар аясында 80 мешітте арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 85 мыңнан астам жамағат қатысты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38