ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Хазрет Әли», «Қарабастау», «Найман баба», «Икрам қажы» мешіттерінің алқа мүшелері мен мешіт жамағатымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, мешіттердің қызметіне айрықша тоқталды. Бүгінгі таңда, әрбір мешіт ҚР Заңдары шеңберіне қызмет етуі, ҚМДБ -ның Жарғысы мен әрбір мешітке берілген Ереже бойынша қызмет ету қажет екендігін атап өтті. Бұдан бөлек, жастардың дұрыс тәлім алуы, олардың түрлі кереғар ағымдардан жетегіне түсіп қалмау үшін сақтану жолдары туралы баян етті.
«Мешітке келген бала күнә мен сауапты, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыра білетін болады. Яғни ол бала қоғамға пайдалы болып өседі. Сондықтан біз өзгеге үлгі болып, елге, қоғамға пайдалы бағытта жұмыс жасауымыз керек», – деді өкіл имам Б.Қыдырбайұлы.
Сондай-ақ, жиналған қауымды 1-наурыз «Алғыс айту» мерекесімен құттықтап, өз ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі