Шымкент қаласы ДСАК әйелдер-қыздар секторының ұстаздарына жыл басы жиналысы өтті. Жиналысқа 11 мешіттен 13 ұстаз қатысты.
Ұстаздар жасаған жұмыстарының есебін беріп, халқымыздың діни сауат ашуына пайдалы болу үшін өз ойларын ортаға салды.
Есеп нәтижесінде 2018 жыл басы жалпы 8 мешітте жаз айларында 10-ға дейін көбейіп, 10 ұстазбен жұмыс жүргізілген болса, 2019 жыл басында 17 мешітте 18 ұстазбен тұрақты дәрістер жүргізілуде.
2019 жылы жалпы шәкірт саны 656 болып тіркеліп, 500 ден аса шәкірттің тұрақты түрде дәріс алатындығы белгілі болды.
Жиналыс барысында ДСАК басшылығы 2019 жылғы жоспарларымен бөлісіп, діни сауат ашуға қатысты тапсырмалар берді.
Ұстаздарымыз да Қызмет жолында жігерлендіру мақсатында қалалық орталық мешіті атынан «Үздік ұстаз» категориясында марапаты үшін сайыс жарияланды және діни педагогикасы тұрғысынан кішігірім семинар өткізілді.
Ұстаздарымыздың қызметтеріне алғыс ретінде және ықыласты қызметке ынталандыру мақсатында мешітіміздің дәмханасында дастархан жайылып, қонақ етілді.
Бұл жиын үшін демеушілігін білдірген басшыларымызға және халқымызға, қызметке жүгірген ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз!