Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жария етілгендігі баршаға аян. Осы бастама аясында Шымкент қаласы Политехникалық колледжінің студенттерімен «Ислам және Жастар» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Оқу ордасының үлкен залына студенттерге толы болды. Кездесуге Әл-Фараби аудандық орталық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Әл Муслим» мешітінің бас имамы Бекайдар Қымбатов және қалалық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбікерімұлы арнайы қатысты.
Аталмыш кездесу барысында ағалық ақылдарын айтып, білім алу, түрлі теріс ағымдардан сақтану, ана-ананы құрметтеу т.б, тақырыптар төңірегінде ойларын ортаға салып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Айта кету керек, аталмыш оқу ордасында студенттермен кездесу шаралар тұрақты өткізілетін болып шешілді.