Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының жылдық жоспарға байланысты кезекті жиналысы өткендігін айтқанбыз.
Осы жиналыста ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қала бойынша ЖАНТ мүшелері мен барлық мешіт имамдарына уағыз-насихат жұмыстарын күшейту және әрбір мешіт ұжымы жыл соңына дейін кемінде бір жат ағым мүшесін ата дінімізге бейімдеп қайтару жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Берілген тапсырманы әр ай сайын тұрақты қадағалап отыруды ЖАНТ және ТК жұмыстарына жауапты Дастан Желеуов пен Қайрат Ерғазиевке жүктеді.