Елордадағы «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосып, сөз сөйледі.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы сөз алып, бірқатар ұсынысын айтты. Сөзінің соңында отандастырымызды Сириядан қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы жайлы да тілге тиек етті:«Жақында біздің қақтығыстар аймағынан, террористерден 47 азаматымызды алып шыққанымызға куә болдыңыздар. Бұл – біздің арнайы қызметтеріміздің көрші елдермен бірлесіп жасаған қауіпті операциясы. 47 адамның 30-ы – балалар, олардың әкелері сол жақтағы соғыста қаза тапқан және де әйелдер… Әр адам – өз тағдырының иесі. Оларды алдап, жұмақтағыдай өмір сүресің деп уәде беріп, сол жаққа алып кетті, олар соғысты. Ал енді осы террористерді барлық елдер бомбалап, өлтіріп жатыр. Әрине, солай болары анық. Біздің де азаматтарымыздың ішінен жүздеген адам осы құрыққа түсіп қалды. Көбін өлтіріп тастаған. Демек, алдағы уақытта да біз осы жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Сонымен бірге бізге қайтарылған адамдарды бейімдеу керек. Кішкентай балалар біздің ұшақтан түскен кезде шешелерінен «мына жерге бомба түспей ме?» деп сұрайды екен. Туғаннан әбден бомбаға үйреніп қалған ғой», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38