Табиғин Уаһб бин Мұнаббиһ[1] ғылымдағы үзеңгілесі Ато Хурасаниге[2]:
«Сорың құрысың, Ато! Патшалар мен дәулеттілер есігіне ілімінді арқалап барушы болма! Саған есігін жауып қоятын, өзін кедей етіп көрсететін, байлығын жасыратын адамға неге барасың?! Сен үшін қақпасын айқара ашқан, байлығын саған көрсетіп қойған, әрқашан саған: «Менен сұраңдар (дұға етіңдер) жауап беремін» (Ғафир сүресі, 60-аят),-дейтінге қарамайсың ба?!
-Ей, Ато! Білімді болып, аз дүниеге риза бол. Бірақ, дүниең көп болып, аз білімге ризашылық танытпа. Ей, Ато! Саған жетерлік дүние сені бай етсе, мына жалғанда адамға керегі – аз ғана нәрсе. Алайда, аз дүние саған жетпейтін болса, мына жалғанда адам баласын ешбір дүние бай-дәулетті ете алмайды. Ей, Ато! Адамның қарны (қалауы) теңіздей, кең даладағы сайға ұқсайды. Оны тек топырақ қана толтыра алады»,-деген екен.
Руслан ҚАМБАР
[1] Уаһб бин Мұнаббиһ (655-738жж) – Таурат, Інжіл кітаптарын және әуелді үмбет тарихын жетік білген табиғин ғалым
[2] Ато Хурасаниге (671-752) – фиқһ және тәпсір ғылымымен терең шұғылданған табиғин ғалым