SAM 581

 SAM 581

Рамазан айында келетін қасиетті Қадір кешін шардаралықтар құлшылықпен, қайырымдылық іс-шараларымен атап өтті. Аудан әкімі Арман Абдуллаев орталық мешітте ұйымдастарылған іс-шараға арнайы барып қатысты. Ораза ұстаушылармен бірге ауыз ашып болған соң жамағатпен ақшам намазын оқыды. Мұнан соң демеуші азаматтардың көмегімен 400 адамға арнап жайылған ауызашар дастарханынан дәм татты. Дастархан басында аудан имамы Асылхан қажы Данияров өмірден озған ата-баба рухтарына құран бағыштады. Жиынға қатысқан «Атлас-тур» қажылық компаниясының директоры Тілеубек Мырзабасов биылғы қажылыққа барудың жай-жапсары мен ережелері туралы әңгімелеп берді.
Дастархан басында аудан басшысы Арман Айдарұлы мешітке келген жамағатты айтулы мерекемен құттықтады.
-Құрметті ағайындар, біріншіден ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Содан соң бүгінгі қасиетті Қадір кеші құтты болсын. Осы күні Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, түрлі дау-дамайлардан, келеңсіз оқиғалардан Алла біздерді сақтай берсін деп тілеймін, – деді аудан әкімі.
Қадір кешінде аудандық мешітке қойылған үлкен экран арқылы жұртшылық ҚМДБ төрағасы, бас мүфти, хазіреті Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауын тыңдады. Сондай-ақ, республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Арман Қуанышбаевтың Қадір кешінің қадір-қасиеті, Рамазан айында жасалатын сауапты тірліктер жайлы уағыз-насихаты экран арқылы жамағатқа көрсетілді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев, №16 колледждің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Зәкірхан Талбидин, аудан имамы Асылхан қажы Данияров бастаған топ қалада жаңадан іске қосылған Әбу Мәнсүр әл Матуриди мен Әл Фаттаһ мешіттеріне барып, жамағатты құттықтады. Елді береке мен бірлікке үндеген әңгімелер айтып, көпшілікпен бірге Қадір кешін өткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

 SAM 579

 SAM 580

 SAM 581

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38