Облыс орталығында орналасқан «Шымкент» медресесі-колледжінің оқу ғимаратында жазғы діни сауат ашу лагері жалғасын табуда.
Аталмыш оқу ордасының директоры Талғат Әсембай мырза биылғы жылы жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатысушы балаларға үш мезгіл тамақ, жатын орын, тегін кітаптар т.б. көптеген жағдайлар жасауда.
Биылғы жылы діни сауат ашу лагерінің бірінші маусымында 184 бұлдіршіндеріміз тәлім алуда. Бұл шара алдағы айларда өз жалғасын табатын болады.
Дәл осындай жазғы діни сауат ашу лагерлері облыс көлемінде 12 орында жалғасын табуда.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі