Бүгін Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабында Қ.Қасымов атындағы №82, және №128, Жаңаталап тұрғын алабында Т.Тәжібаев атындағы № 81 ЖОМ, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында № 95 ЖОМ, Көкбұлақ тұрғын алабы № 118 «Көкбұлақ» мектебі, Алтынтөбе тұрғын алабында № 117 мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Оңтүстік жастары» ҚБ-і ұйымдастыруымен өткен кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.
Мақсат, дін саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша Шымкент қаласында жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізу.
Кездесу барысында наиб имам оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.