Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында №108 Хамза мектебі, Ю.Сареми №107 мектеп, № 92 мектеп, № 109 мектеп және №91 мектептердің акт залында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Оңтүстік жастары» ҚБ-і ұйымдастыруымен өткен кездесуге Еңбекші ауданы «Исамиддин баба» мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Яхияев Иса қатысты.

Мақсат, дін саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша Шымкент қаласында жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың  ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізу.

Кездесу барысында наиб имам оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.






 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38