Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты №54 жалпы орта мектебінің акт залында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Оңтүстік жастары» ҚБ-і ұйымдастыруымен өткен кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.

Мақсат, дін саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша Шымкент қаласында жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың  ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізу.

Наиб имам өз кезегінде жоғарғы сынып оқушыларына деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат беріп әрі интернетті, әлеуметтік желілерді қолданда мән беретін жайттарға тоқталып өтті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38