Имамдар «Жалпыхалықтық диктант» шарасына қатысып, диктант жазды
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жаңа қазақ латын әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеру бойынша Шымкент қаласына қарасты мешіт қызметкерлері «Жалпыхалықтық диктант» шарасы қатысып диктант жазды.
Аталмыш шараға қатысты ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы сөз сөйлеп, жаңа қазақ әліпбиіне кеңінен тоқталып өтті.
Диктантты арнайы «Шалқар» және «Қазақ» радиолары арқылы тікелей эфирден тыңдалды. Барлық қатысушыларға қаншалықты меңгергенін анықтау масқатында «Бақылау парақшасы» таратылды.
Жалпы, шараға қала бойынша 104 мешіттің 160 қызметкері «Шымкент» медресе колледждің ұстаздары қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі