ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігіне қарасты «Зекет қорының» өкілі Азимбаев Айбектің мұрындық болуымен Шымкент қаласының тұрғындары, жас жұбайлар Ерғали мен Айгерім лимузинге кететін қаржыны қайырымдылыққа жұмсады. Шымкент қалалалық орталық мешітінде жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасаған Ерғали мен Айгерімге Алла разы болсын деп мешіт имамы батасын берді.