Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қала аумағындағы имамдар арасында Құран кәрім, тәжуид және ақида (сенім) бойынша жарыс ұйымдастырылу басталды. Бұл кезекте Қаратау аудан имамдары сынақтан өтті. Жалпы 47 имам, найб имамдар атестацияға дайындық және Құран жарысына іріктеу шарасына қатысты. 4 имам жоғары баға алып 18-шы қазанда, Шымкент қаласы орталық мешітінде өтетін Құран жарысына қатысатындығы белгілі болды. Атап айтатын болсақ. Медетов Абзал «Байғұт баба» мешітінің найб имамы. Яқубжанов Раушан «Ибадулла» мешітінің  имамы. Іріктеу сайысында Құран, ақида, фиқһ және тәжуид пәндері  бойынша сынақ алынды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38