Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Байғұт-баба» мешітінің бас имамы Желеуов Дастан мешіт шәкірттерімен жүздесті. Жүздесу барысында «Білім алудағы табандылық» атты тақырыпта уағыз жүргізді. Дін Ислам жәй ғана сенім емес, бұл – қоғам мүшелерін бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырып, мұсылмандарды білім алуға міндеттейді. Мысалы, Құранда 114 сүре бар. Бұлардың әрқайсысы белгілі оқиғаға және заманға байланысты рет-ретімен түсіп отырды. Осы сүрелердің ішінен алғаш болып Мекке шаһарында «Алақ» сүресі түсті. Бұл сүре 19 аяттан тұрады. Бұлардың ішінде бастаушы аят бар. Осы бірінші аяттың алғашқы сөзі: «Оқы!», – деп басталады. Басқаша айтқанда, Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!». Адам оқып, көзі ашылады. Айналасын танып, оларға құрмет көрсетеді.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді!» (Термези).

Сондықтан да мешіттерімізде шәкірттер көбейіп білімді, көзі ашық азаматтарымыздың саны арта берсін.

«Байғұт-баба» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38