Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған Діни сауат ашу курсының əйелдер бөлімінде əйелдер жамағатына тұрақты дəрістер жүргізілуде. Мешітімізге келген қыз -келіншектерге Қасиетті Құранды оқуды  жəне тəджуид ілімінен дəріс өтіледі. Сонымен қоса Иман негіздері, Мұсылмандық шарты,Пайғамбарымыздың өмір баяны жəне Əдеп пəндерінен дəрістер өтіледі.  Құран оқып оны жаттаймын деген шəкірттерге арнайы Қарилар курсы да іске қосылған.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасымен арнайы бекітілген оқулықтармен қоса  Қазақ даласындағы Дəстүрлі ислам дінінің оқулықтарын жазып кеткен Абай Құнанбайұлы, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсариннің кітаптарыда оқытылуда.

Дəрістер апта ішінде Сағат 10:00-16:00 аралығы жүргізіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38