- Құранды байыппен, Құдайдан қорыққан кейіпте оқу керек.
- Ұлық мақсатқа жараспайтын артық сөз, күлкі, жеңілтектіктен арылу.
- Аяттарды мәнерлеп, анықтап оқу.
- Жағымсыз дауыстан, әуендетуден сақ болу.
- Дұға мағынасы бар аятты оқығанда дұға қылып, рахым туралы аятты оқығанда оны тілеу керек.
- Аяттардағы әмір-пәрменге, тыйымдарға мүлтіксіз мойынсұну қажет.
- Құран оқушының денесі, киімі, отырған жері таза болуы шарт. Дәрет алу, мисуакпен ауыз тазалау, хош иіс себіну сүннет.
- Құбылаға қарап, намазда отырғандай кейіпте отыру мұстахаб.
- Құран оқып жатқанда оны тоқтатып қойып, біреумен сөйлесуге болмайды.