Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен 2016 жылдың мамыр айының 4-6 жұлдыздары аралығында «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Республикалық I-Құран жарысы өтетіні белгілі. Осыған орай, аталмыш жарысқа Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеу сайысы өтті. Сайысты ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінде өткен сайыста Кәмілжан Садықов («Ықылас» қарилар орталығының ұстазы), Мысыр Араб Республикасынан келген ұстаз Махмуд Мохамед Абделгауад Мохамед және облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрлан Бақытжанұлы қазылық етті. Облыстық Құран бәйгесіне 10 пара, 5 пара, 2 пара және 1 пара бойынша жалпы саны 34 қызбала қатысып, барлығы Республикалық I-Құран жарысының жолдамасына ие болды.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі