2016 жылғы 15 сәуір күні Алатау батыр ауылдық округіндегі С. Каттабеков жалпы орта мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ауылдық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуде күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл имамы Әлібек Өмірзақов Мәзһаб дегеніміз не? Оның түрлері және негіздері мен шарттары жөнінде түсіндірме беріп өтті. Кездесу барысында діни мәселелерге байланысты оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық баспасөз қызметі.