ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курстарында (ДСАК) ерлер тобы үшін сынақ өтті. Аталмыш сынақ ҚМДБ 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асты. Комиссия құрамына орталық мешітінің найб имамы Е. Қарақұлов пен ұстаздар Н. Бақытжанұлы және Е. Тәжібаев кірді. Ұстаздардың ұйымдастыруымен өткен сынаққа жалпы саны 30-дан астам шәкірт қатысты. Сынақ соңынан барлық шәкірттерге арнайы сертификаттар табыс етілді.
ҚМДБ ОҚО өкілдігінің баспасөз қызметі