SAM255

 SAM255    Шымкент қаласы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан облыс әкімдігі жанындағы «Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметі» орталығында «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында атқарған жұмыстары мен бірқатар жоспарлары туралы брифинг өткізді.

    Брифингке ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, және оның орынбасары Мұхамеджан Естеміров және қала имамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Брифингті өкіл имам орынбасары (модератор) Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды. Брифинг барысында өкіл имам Ахметжан Керімбек ҚМДБ тарапынан берілген 4 бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы малғажыұлы хареттің тапсырмасына орай, жуырда ғана өткізілген 7 тәлімдік құжаттар бойынша сынақтың қорытындысын жария етті. Жалпы, облыс бойынша ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 791 мешіттің 1062 діни қызметкер қатысып, сынақ алынды.
    Осыдан кейін, уағыз-насихат жұмыстары бойынша 2432 кездесу өткізіліп, 97280 адам қатыстырылды. Кереғар ағымдар бойынша 2450 сәләфилік және «Таблиғи жамағат» діни ағымы бағытын ұстанатын азаматтармен жеке кездесу ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 205 азамат ханафи мазһабына қайта оралды. Имамдарды қайта даярлау жұмыстары бойынша ОҚО имамдарының білімін жетілдіру курсынан 1075 имам-молдалары кезең-кезеңімен апта бойы білімдерін шыңдады. Биылғы жыл бұл үрдіс жалғасын табуда. Сонымен қатар, мешіт жанындағы 242 діни сауат ашу курстарынан 12158 тәлімгер алғашқы діни білімге қол жеткізді. Бұл өз кезегінде түрлі кереғар ағымдардың жетегіне кетуден сақтанудың жолдары болып табылады.
    Үлкен қажылық жұмыстарына дайындық жұмыстарының қолға алынғандығын атап өтті. Биылғы жылы «Эйр Астана» және «Флай Нас» әуе компаниялары қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, қажылыққа ниет еткен азаматтар осы сәтен бастап құжаттарын өткізіп, қажылық жөнінде діни білімін арттыру мақсатында «Қажылық» курстарынан өту керек екендігін айтты.
    Брифинг барысында «Дін және тарих тағылымы» жылы аясындағы жұмыстар жөнінде кең көлемде түсіндірілді. Сонымен қатар, діни білімді шет елдік діни оқу орындарынан кем түспейтін отандық «Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиеті мен 9 медреседен алу қажет екендігіне тоқталып, әлеуметтік желілер бойынша діни мағлұматтарды ҚМДБ-ның ресми сайттарынан ғана алу жөнінде айтып өтті.
    Брифинг барысында ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап береді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

суретті түсірген Сәкен Тұрданов, Абзал Жауһаров

 

 SAM252

 SAM253

 SAM254

 SAM255

 SAM256

 SAM257

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38