Қаңтар айының 25 – ші жұлдызы күні Шардара қаласы №16 колледж студенттерімен «Діни ағымдардың алдын алу», – атты тақырыпта кездесуге колледж директоры З. Талбидин, ҚМДБ – ның жанынан құрылған РАНТ топ мүшесі О. Сейдманов, аудан имамы А. Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы І. Алтынбеков, «Жаушықұм» мешітінің бас молдасы Б. Жүсіпұлы қатысты.
Сөз кезегін алған О. Сейдманов бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек. Діни ағымдар азаматтарымызды адастырып, қоғамдық тұтастыққа қауіп төндіруде. Бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл – қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл – қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй – меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз – өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайтындығын жеткізді. Кездесу барысында студенттер көкейде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, тұщымды жауаптарын алды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспсөз қызметі.