Дiн – өте нәзiк мәселе. Ғаламдық ақпараттарды оқып отырсақ кейбiр мемлекеттердегi жанжалдар мен қантөгiстер дiни алауыздықтан туындап отырғанын көремiз. Сондықтан бұл мәселеге мұқият қарап, оқушы жастар арасында дұрыс дiни бағытты насихаттау шаралары жүргiзiлуде. Мұндай шаралар бiздiң С. Кәттабеков атындағы ЖОМ – да да жиi ұйымдастырылады. Мысалы, таяуда мектеп оқушылары арасында «Алатау батыр» мешітінің бас имамы Ә. Өмiрзақовтың қатысуымен «Дiнаралық түсiнiк – уақыт талабы», – атты тақырыпта жиын болып өттi. Сондай – ақ, жиынға ауыл әкiмдiгiнiң жастар iсi бойынша маманы М. Айтуов қатысты. Жиында сөз алған мектептiң тәрбие iсi жөнiндегi меңгерушiсi А. Аудабаев, ауыл имамы Ә. Өмiрзақов, әкiмдiк қызметкерi, М. Айтуовтар мен өзге де ұстаздар Ханафи мазһабы туралы, мемлекет тұтастығы, ел бiрлiгi мен ынтымағы жайлы әсерлi әңгiмелер шерттi. Жастардың рухани тұрғыда азбауы үшiн ұлттық құндылықтарымызға баса назар бөлiнуi керектiгiн атап өттi. Жиын барысында ауыл имамы жастар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап бердi. Жиынды қорытындылаған А. Аудабаев әсерлi де мағыналы, мазмұнды әңгiмелерi үшiн қонақтарға алғыс бiлдiрдi. Жастар жағы аталған жиыннан әдемi әсер алғандарын айтып, осындай кездесудiң көптеп өткiзуiн қалайтындықтарын айтып жатты.